ornament

Үкіметаралық өкілетті кеңес

Өкілетті Кеңес – ортақ мекеме, ортақ басқару ұстанымын басшылыққа ала отырып, университетті басқаруда әкімшілік, қаржылық және академиялық әдістер мен негіздерді белгілеу құзіретіне ие, университеттің заңды тұлғалық мәртебесіне өкілдік ететін ең жоғарғы шешім қабылдаушы органы болып табылады. Өкілетті Кеңес 10 (он) мүшеден тұрады. Өкілетті Кеңестің 5 (бес) мүшесі Түркия Республикасы Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан тағайындалады. Осы мүшелердің біреуі Түркия Республикасының Президенті тарапынан Өкілетті Кеңес төрағасы болып тағайындалады. Өкілетті Кеңес төрағасының өкілі (төраға орынбасары) және 4 (төрт) мүшесі Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.

Университет ректоры Өкілетті Кеңестің мүшесі болып табылады.

Қазақстанда мұндай құрылым тек Назарбаев Университетінде ғана бар.

Өкілетті Кеңес мүшелерінің жұмыс істеу мерзімі – 5 (бес) жыл. Кеңес мүшелігінде орын босаған жағдайда жоғарыда көрсетілген тәртіппен мүше тағайындалады. Негізгі мемлекеттік қызметі сақтала отырып, Өкілетті Кеңеске тағайындалған төраға және мүшелері, негізгі мемлекеттік қызметінен босаған жағдайда Өкілетті Кеңестегі мүшелігі де аяқталады. Университет ректорының мүшелігі қызмет мерзімімен шектеулі. 

Өкілетті Кеңес мәжілісі жылына ең кемі екі рет өткізіледі. Мәжіліс орны, өтетін уақыты және күн тәртібі университет ректоры мен Кеңес мүшелерінің ұсыныстары назарға алына отырып, Өкілетті Кеңес төрағасы тарапынан белгіленеді. Мәжіліс жиналымы ең кемі 7 (жеті) мүшесі қатысқан жағдайда жұмыс істеу құқына ие болады. Әрбір мүше өзінің пікірін «қарсы емеспін» немесе «қарсымын» деп білдіреді. Дауыстар тең болған жағдайда Өкілетті Кеңес төрағасының дауысы екі дауыс болып саналады.



Өкілетті кеңес

Өкілетті кеңестің төрағасы

Мухиттин Шимшек

Мармара университетінің профессоры (Түркия)

Өкілетті кеңес төрағасының орынбасары

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (Қазақстан)

Өкілетті кеңестің мүшесі

Ибрахим Калын

Түркия Президенті Кеңсесі Бас хатшысының орынбасары (Түркия)

Өкілетті кеңестің мүшесі

Тәжібаев Ұлан Қалмұханұлы

Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Өкілетті кеңестің мүшесі

Сердар Чам

Түрік Үйлестіру және ынтымақтастық агенттігінің төрағасы (Түркия)

Өкілетті кеңестің мүшесі

Темирбекова Жанар Амангелдіқызы

Ахмед Ясауи университетінің ректоры (Қазақстан)

Өкілетті кеңестің мүшесі

Турымбаева Ләззат Амангелдіқызы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

Өкілетті кеңестің мүшесі

Сағынтаева Аида Қыстаубайқызы

«Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымының Жоғары білім беру мектебінің деканы

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.