ornament

Басқару Кеңесі

Университет Басқару Кеңесінің құрамы университет ректоры, ректор өкілі (бірінші орынбасар), ректор орынбасарлары және декандардан құралады. Басқару Кеңесіне мүшелік мерзімі тағайындалған тұлғалардың негізгі қызмет мерзімімен шектеледі. 

Ректор өкілі ректор қызметін уақытша атқарған кезде университет Басқару Кеңесіне төрағалық етеді.

Университет Басқару Кеңесі әкімшілік мәселелерде ректордың көмекші органы болып саналады.

Университет Басқару Кеңесінің қызметтері төменде көрсетілген:

а) Өкілетті Кеңес пен Сенат шешімдерін жүзеге асыру мақсатында белгіленген жоспарлар мен бағдарламалар бойынша ректорға көмек беру;

ә) университет құрамындағы бөлімшелердің ұсыныстарын ескере отырып, инвестициялық бағдарламалар мен бюджет жобасын қарастыру және ректоратқа ұсыну;

б) институт, факультет және колледж басшылығынан әкімшілік және қаржылық мәселелерге байланысты келіп түсетін ұсыныстарды қарап, шешім қабылдау;

в) Ректор тарапынан қарауға ұсынылған мәселелер бойынша шешім қабылдау.


Басқару Кеңесінің Ережесі

КЕҢЕС ЖОСПАРЫ 2020-2021  

КЕҢЕС ЖОСПАРЫ 2019-2020 

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.