ornament

Жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА

Мамыр айының 6-8 жұлдызы аралығында Темірланда жастар арасында белбеу күресі....

Толығырақ
XI жазғы Универсиада: ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
XI жазғы Универсиада: ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

Бүгін университетімізде қазақ күресінен тартысты бәсеке басталды. Жарысқа 18 жоғары оқу орнынан 155-тен астам спортшы қатысуда. Оның 95 ерлер болса, 60 қыздар. Палуандар (ерлер, қыздар) 8 салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады. Бүгін қыздар 4салмақ бойынша (48,56,65,77кг), ұлдар 3 салмақ дәрежесінде (55,66,82кг) белдесті. "Бүгін қазақ күресінен сайыс басталды. Жақсы белдесу болып жатыр. Келген қатысушы палуандар өте жақсы күресті. Ұйымдастырушы Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті универсиаданы үлкен дайындықпен өткізіп жатыр. Санитарлық талаптар түгелдей сақталуда. Бұл спорт түрінен жарыс 15 мамырға дейін жалғаспақ. Келген командалар мен жетекшілер додаға қызу дайындықпен келген, - дейді Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы Ә.Н.Халилаев. Универсиада барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізіліп жатыр.

Толығырақ
XI жазғы Универсиада: ВОЛЕЙБОЛ
XI жазғы Универсиада: ВОЛЕЙБОЛ

Бүгін ЖОО ХI жазғы универсиада волейбол спорт түрімен жалғасын тапты. Сайыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің спортзалында өтуде. Ерлер арасында өтіп жатқан жарысқа 10 университет қатысуда. Бүгінгі алғашқы сайысқа түсіп жатқандар С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті. Келесі болып ойын көрсететін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Сынға түсіп жатқан спортшыларға сәттілік тілейміз! Еске сала кетейік волейболдан жарыс 12-19 мамыр аралығында өтеді. Жарыс барлық карантиндік талаптарға сай өтілуде.

Толығырақ
ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер мен  студенттер! Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы. Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Қасиетті айда тілеген тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болсын. Отбасыларыңызға амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Әлемде бейбітшілік, тыныштық болсын!

             Жанар ТЕМІРБЕКОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

Толығырақ
Кезекті мандаттық комиссия отырысы өтті
Кезекті мандаттық комиссия отырысы өтті

Баршаңызға белгілі оқу ордамызда ЖОО арасындағы XI Жазғы универсиядасы өтіп жатыр. Қазіргі таңда, өтіп жатқан спорттық сайыстардың бокс пен самбо түрі өз мәресіне жетті. Ал бүгін қазақ күресі (ерлер, қыздар), волейбол (ерлер) спорт түрлерінен кезекті мандаттық комиссиясы өз жұмысын бастады. 12-16 мамыр аралығында қазақ күресінен (ерлер, қыздар) және волейбол (ерлер) 12-19 мамыр аралығында өтеді. Сонымен қатар, жарысқа келген командалар ПЦР тестінен өткізіп, толық тексерістен өтті. Ерлер мен әйелдер арасындағықазақ күресінен өтетін бәсекеде 18 команда сынға түспек. Олар: 1.Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 2.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 3.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 4.Қазақ ұлттық аграрлық университеті 5.Қазақ спорт және туризм академиясы 6.М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 7.Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 8.Халықаралық туризм және меймандостық университеті 9.Ш. Есенов атындағы Каспий  технологиялар және инжиниринг университеті 10.Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 11.М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университеті 12.Павлодар  педагогикалық университеті 13.А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік  университеті 14.Торайғыров университеті 15.Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан  техникалық университеті 16.Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық  педагогикалық институты 17.Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті 18.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жалпы бақ сынайтын палуандардың саны 155.  Оның ішінде 95  ер балдар 60 қыз балдар. Ал, волейбол (ерлер) спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекеде 10 команда сынға түспек. Олар: Волейболдан жарысқа қатысатын командалар: 1.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2.Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан  техникалық университеті 3.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 4.Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық  педагогикалық институты 5.Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 6.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 7.Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 8.Халықаралық туризм және меймандостық универсиеті 9.Қожа Ахмет ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 10.Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

Толығырақ
Жапон елшілігі жеткізген марапат

Бүгін оқу ордамызда Қазақстандағы Жапон елшілігінің Миссия басшысының орынбасары, кеңесші - ОКАВА Соичиро қонақта болды. Ректор Жанар Темірбекованың арнайы қабылдауында болған Окава мырза университетіміздің оқу-әдістемелік істері жөніндегі вице-президенті Эльмира Қайсарбайқызына Жапонияның Сыртқы істер министрі Мотеги Тошимицу мырзаның арнайы марапатын жеткізді. Эльмира Қайсарбайқызы Нархоз университетінің жанындағы Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығын(KJC) 2014-2015 жылдары басқарып, 2015-2018 жылдары жетекші проректор ретінде тікелей орталықтың жұмысын ұйымдастырып, қадағалап отырған екен. KJC арқылы көптеген қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдері Жапонияға барып бизнесті басқару әдістерімен, Кайдзен философиясымен танысуға мүмкіндік алған, мыңдаған қазақстандық жастар жапон тілін жетік меңгеріп оқуларын Жапон университеттерінде жалғастыру мүмкіндігіне иеленген. Министр мырзаның хатында: «Сіз біздің екіжақты қатынастарымыздың дамуына, Жапония мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтуға орасан зор үлес қостыңыз. Осы марапат арқылы Сізге шын жүректен ризашылығымды және құрметімді білдіремін»-деп жазылған. Оқу орда басшысы Жанар Амангелдіқызы Жапон елшілігіне үлкен алғысын білдіріп, ендігі кезекте өзара серіктестікте ары қарай жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді. Өз кезегінде Эльмира Қайсарбайқызы да Жапон елшілігіне, Сыртқы істер министрлігіне зор ризашылығын білдірді.

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.