ornament

Жаңалықтар

Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы Қазан қаласының №175-ші мектебінде болған қиын жағдайда балалар мен ересек адамдардың қаза болуына байланысты, бауырлас Татарстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Ауыр жарақат алғандардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілейміз. Еске сала кетсек, 11 мамыр күні Қазан қаласындағы мектептегі атыс салдарынан 8 мектеп оқушысы мен бір мұғалім көз жұмып, тағы 21 адам жарақат алған. Олардың ішінде 6 бала ауыр жағдайда жатыр. Осыған байланысты 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.

Толығырақ
Ғылым жолындағы студенттеріміздің жетістіктері
Ғылым жолындағы студенттеріміздің жетістіктері

Жақында Ақтөбе қаласында  Баишев университетінің ғылым декадасының және Баишев университетінің 25 жылдығына арналған «Білім және ғылым: қазіргі заман көзқарасы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VI Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Инженерия факультетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасына қарасты Информатика білім беру бағдарламасының 4 студенті қатысты. Онлайн конференцияға қатысқан жас ғалымдарымыздың төртеуі де жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ: 1. Худайбердиев Мерген - 1 орын. 2. Сейдалин Абай – 2 орын. 3. Елеусіз Ерасыл – 2 орын. 4. Гаппаров Нұрлан – 3 орын. Студенттерімізді жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
“Veritas-IKTU” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
“Veritas-IKTU” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ресей Федерациясы Тюмень қаласында кіші жамбас қуысы ағзаларының хирургиясы бойынша Халықаралық олимпиада өтті. Ресей, Чуваш мемлекеті, Башқұртстан, Татарстан және Қазақстан елдерінен жалпы саны 15 команда қатысқан аталмыш олимпиада 4 сайыстан тұрды: балалар хирургиясы, оперативті гинекология, оперативті урология және проктология. Тюмень қаласына университетіміздің намысын қорғауға “Veritas-IKTU” хирургиялық клуб мүшелері мен үйірме жетекшісі, медицина факультетінің “Жалпы хирургия” кафедрасының меңгерушісі, дәрігер-хирург Төлежанов Нүрпейіс Құдайбергенұлы бастап барды. Олимпиаданың нәтижесі бойынша “Балалар хирургиясы” сайысынан 6-курс дәрігер-интерні Сауранбай Диас пен 4-курс студенті Алишев Жахангир жүлделі 3 орынға ие болды. “Проктология” сайысы бойынша 5-курс студенті Темирова Камола мен  4- курс студенті Кеңесбек Ару жүлделі 3 орынға ие болды. Айта кетейік, “Veritas-IKTU” хирургиялық клубының бұл алғашқы жеңісі емес, алайда шет елге алғаш шығуы. Бұдан да үлкен жеңістерге жетуге әрекет ететін боламыз,- дейді клуб мүшелері.

Толығырақ
Жеңіс ХҚТУ қоржынында
Жеңіс ХҚТУ қоржынында

Бүгін ЖОО арасындағы XI жазғы универсиаданың бокс (ерлер, қыздар) спорт түрінен өткен жарысы өз мәресіне жетті. Былғары қолғап шеберлері өз оқу ордасының намысын қорғап бақты. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста командалық есеп бойынша әйелдер және ерлер арасындағы жеңіс біздің университетіміздің еншісінде. Жалпы командалык есеп бойынша кыздар арасында –І орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ІІІ орын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне бұйырды. Ал ерлер арасында жалпы командалық есеп бойынша І - орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ІІІ орын Халықаралық туризм және меймандостық университетіне бұйырды. Айта кетейік, тартымды додада университетімізді жеңіс тұғырынан көрсеткен споршыларымыздың жаттықтырушылары Еркебұлан Купесов, Баетов Көпжасар, Дайрабаев Мақсат, Баетов Биназар.

Толығырақ
9 мамыр –Жеңіс күні
9 мамыр –Жеңіс күні

Құрметті әріптестер мен білімгерлер! Батыр аталарымыз бен әжелеріміздің фашизмді Жеңген күні, Бейбітшілік күні баршаңызға құтты болсын! Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына 76 жыл өтті. Аштық, қирату, азап пен көз жасы ешқашан қайталанбасын. Бұл күн бәріміз үшін тым қымбат. Біздің өміріміз бен бостандығымызды майдан даласы мен тылда күш-қайраттарын аямай қорғаған ата, әжелерімізге мың алғыс. 9 мамыр – тарихтағы айтулы мереке. Қырық бесінші жылдың жеңіс күндері жадымыздан өшпесін. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт көгершіндері көгімізде қалықтай берсін. Ұлы мереке құтты болсын! Жанар ТЕМІРБЕКОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

Толығырақ
Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттері жүлделі орынды иеленді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Пандемия жағдайындағы өзгерістерді басқарудың инновациялық идеялары» тақырыбында өткен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша XIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада университетіміздің Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттерінен құралған «Яссы» командасы (команда мүшелері: Баймұрат Алмас, Ермахан Мырзабай, Әметбек Аружан) жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Түркістан қаласында «ақылды қала» құру келешегі: мәселелерді жүйелеу және оларды шешу бағыттары» атты ғылыми жобаны сәтті қорғаған командаға Мемлекеттік басқару және аймақтық даму бағдарламасының PhD, аға оқытушысы Нахипбекова Сымбат Абдраимқызы жетекшілік жасады. Әріптесімізді және студенттерімізді осы жеңісімен құттықтай отырып, еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.