ornament

Жаңалықтар

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!

Құрметті әріптестер мен білімгерлер! Баршаңызға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, ел тыныштығын сақтауда әскери сарбаздарымыздың атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз айбынды болсын! Университетіміздің қадірмен оқытушылары мен профессорлық қауымы! Сіздер де жастарға білім беріп, ғылымға баулып, отан алдындағы міндеттеріңізді адал атқарып жүрсіздер. Студент – жастарымыз, бүгініміз бен келешегімізде Отанымыздың дамуына үлес қосар білгір маман, саналы, жауапкершілік иесі, елін қорғар азаматтар сіздерсіздер. Отан қорғаушылар күнінде елімізге амандық-саулық тілей отырып, халқымыздың бейбіт өмірін күзетіп жүрген жігіттеріміз бен қыздарымызға еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын дейміз. Жанар ТЕМІРБЕКОВА, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

Толығырақ
Студентіміз Республикалық «Қазақстан Барысына» жолдама алды
Студентіміз Республикалық «Қазақстан Барысына» жолдама алды

05-06 мамыр аралығында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін облыстық «Қазақстан Барысы» сайысы өтті. «Қазақстан Барысы» сайысына университетіміздің Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару мамандығының 2 курс студенті Айдарбек Тоқтарбек абсолюттік салмақ дәрежесінде сынға түсіп, нәтижесінде Республикалық «Қазақстан Барысына» жолдама алды. Байрақты бәсекеде бақ сынаған спортшымыз бірінші белдесуінде Шардара ауданының балуанын жеңді. Ал, екінші белдесуінде Ордабасы ауданының балуанымен шығып жартылай жеңіс ұпайымен жеңіске жетіп финалға шықты. Финалда Мақтаарал ауданының балуанын жартылай жеңіс ұпайымен жеңді. Айта кетейік, Айдарбек Тоқтарбек Жақыпбекұлы- самбо күресі, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Республика және Халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Спортшыны үкілеп бәйгеге қосып жүрген жаттықтырушылары Мұхтар Бөгенбаев пен Жақыпбек Қасымбеков. Университетіміздің атын танытып, Түркістанның намысын қорғап жүрген спорт шеберінің жеңісі құтты болсын!

Толығырақ
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде онлайн форматында «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жүргізеді. 2021 жылдың 11-13 мамыр аралығында 8 білім беру бағдарламалары сарапталады. Сыртқы сарапшылар оқу процесінің сапасын, кадрлық құрамын, ЖББҰ-ның материалдық-техникалық жағдайын, инновацияны, заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану тәжірибесін, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін бағалайды. Университет басшылығымен профессорлық-оқытушылық құрамымен, бөлімше қызметкерлерімен, студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, ЖББҰ түлектерімен және жұмыс беруші компаниялармен кездесіп сұхбаттар жүргізеді. Сыртқы эксперттық комиссия құрамы: IAAR төрағасы - Igor Cemortan, PhD, доцент, Н. Тестемицану атындағы мемлекеттік медицина және фармация университеті (Молдова Республикасы); IAAR шетелдік сарапшысы-Калягин Алексей Николаевич, медицина ғылымдарының докторы, емдеу ісі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректор, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің (Ресей Федерациясы) "Иркутск мемлекеттік медицина университеті" ФМБОУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі); IAAR шетелдік сарапшысы – Илиади-Тулбуре Корина Александровна, м.ғ. к., акушерия және гинекология кафедрасының доценті, Н. Тестемицану атындағы мемлекеттік медицина және фармация университеті (Молдова Республикасы); IAAR сарапшысы-Әбілқасымова Бақытгүл Амангелдіқызы, PhD, оқытушы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Шығыстану факультеті (Қазақстан Республикасы); IAAR сарапшысы-Әсет Қайратұлы Изденов, PhD, М. Оспанов атындағы БҚМУ Халықаралық медицина факультетінің деканы (Қазақстан Республикасы); IAAR сарапшысы - Амренова Құралай Шаганқызы, м. ғ. к., доцент, "Семей медицина университеті" ҰАҚ (Қазақстан Республикасы); IAAR сарапшысы-Аймаханова Ғалия Тургаевна, м.ғ. к., С. Д. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» ҰАҚ. "(Алматы қ.); Агенттіктің бақылаушысы-Сайдулаева Малика Ахъядовна, Агенттік жобасының жетекшісі (Нұр-сұлтан қ.).

Толығырақ
XI жазғы универсиаданың самбо спорт түрінен сайыс аяқталды
XI жазғы универсиаданың самбо спорт түрінен сайыс аяқталды

Бүгін XI жазғы универсиаданың самбо спорт түрінен жарыс өз мәресіне жетті. Боз кілемде белдескен палуандар өз оқу ордасының намысын қорғап бақты. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста командалық есеп бойынша әйелдер және ерлер арасындағы жеңіс біздің университетіміздің еншісінде. [gallery columns="2" size="large" ids="65877,65878"] Жалпы командалык есеп бойынша кыздар мен ерлер арасында – І орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ІІІ орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне бұйырды. Оқу ордамыздың спортшы қыздардың жаттықтырушысы Әбдісадық Халилаев пен доцент Бағдат Баймуханбетов. Ал ерлердің жаттықтырушылары Жақыпбек Қасымбеков пен Мұхтар Бөгенбаев. [gallery size="large" ids="65883,65880,65881"] Оқу ордамыздың намысын қорғаған барша жеңімпаз спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Толығырақ
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі»
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі»

«Жаратылыстану» факультетінің ұйымдастыруымен 2021 жылы, мамардың 4 күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі» атты іс-шарасы өтті. Іс-шараға карантин талаптарын сақтай отырып факультет студенттері мен оқытушы-профессолар құрамы қатысты. ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресудің қаншалықты маңызды екені айтылып, қоғамға және мемлекетке қаншалықты зиян келтіретіні айқын көрсетілді. Президенттің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасында сыбайлас жемқорлықтан қорғану үшін ұсыныстар жасалған. Сыбайлас жемқорлықтың орын алуы жағдайлары тіркелген кезде кез-келген қоғам мүшесі тиісті мәдениетінің арқасында міндетін атқаруы тиіс. Осы жағдаяттардың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада студенттерге мәліметтер берілді. Сонымен қатар, студенттер сұрақ-жауап түрінде аудиториямен кері байланыс орната білді, қызу пікір талас ұйымдастырды. Ситуациялық жағдаяттар айтып, сол жағдайда не істейтіндігін, қандай әрекетке баратындыған ортаға салды. Тек студенттермен ғана шектеліп қалған жоқ, ОПҚ құрамының да бұндай жағдайда қандай іс әрекеттер жасайтындығы жайла ой-пікірлері ортаға салынды. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баянды болашақтың кепілі» атты іс-шара мазмұны толық ашылды, студентерге адал жолмен жүру керектігін, қандай жағдай болса да сыбайлас жемқорлықтан алыс болуы керек екені түсіндірілді.

Толығырақ
Самбошылар боз кілемде бақ сынасты
Самбошылар боз кілемде бақ сынасты

Самбо спорт түрінен өтіп жатқан XI жазғы универсиада ойындарының финалында +98 кг салмақта спортшымыз Әбдіғани Бйбарыс боз кілемде қарсыласы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің спортшысы – Ерасыл Амангелдиевты айқын басымдықпен жеңіп, жеңімпаз атанды Сонымен қатар, оқу ордамыздың самбошылары – Айдарбек Тоқтарбек ( 98 кг) 1 орын, Қуандық Шадияр (71 кг) 3 орын, Айдынбай Қайырберді (58 кг) 1 орын, Жасұлан Нариманов (58 кг) 2 орынға табан тіреді. Жеңімпаздардың баптап, додаға қосқан жаттықтырушылар Жақыпбек Қасымбеков пен Мұхтар Бөгенбаев. Байрақты бәсекеде топ жарып жүрген спортшыларымзға алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілейміз! Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона)", "б(ез) о(ружия)" деген сөз шығады (орыс тілінде). Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.