ornament

Жаңалықтар

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

Бүгін, 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту бойынша стратегиялармен таныстырды. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы Жолдауды тікелей эфирде тыңдады. Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, ауылшаруашылық саласы, ғылым мен білім, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастамаларды көтерді. Жолдауда айтылған басым бағыттардың бірі – білім саласы. Президент Қ.К.Тоқаев 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көтерілетіндігін, жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, Президент қашықтан білім беру жүйесін жетілдіруді тапсырды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті Болатбек Абдрасилов Жолдауда ауқымды мәселелер қамтылғандығын, білім мен ғылым, қашықтықтан білім беру жүйесіне қатысты бірнеше тапсырмалар бергендігін атап өтті. Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе, шикізат саласындағы компаниялардың тапқан табысының 1%-ын ғылым мен технологияны дамытуға берілуі ғалымдарға, жас ғалымдарға үлкен қолдау екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Жолдауда қазіргі індеттің салдарынан студенттеріміздің қашықтықтан білім алып жатқандығы, толыққанды оқу процесінде қажетті барлық функцияларды бар бірыңғай онлайн платформасының дайындалатындығы маңызды міндет жүктейді. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ I вице-президенті Женгиз Томар Құрметті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда өте маңызды пікірлер мен бастамаларды айтты. Сапалы білім беру саласында нақты реформалар, мұғалімдердің жалақысының өсуі, ғылымда халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, еліміздің дамуына үлес қосу маңызды екендігін айтты. Жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлінетіндігі айрықша қуантарлық жағдай екендігін айтты. Елімізде ғылымды дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжаттардың дайындалуының басты міндеті – ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуде ғылымның әлеуетін пайдалану болып табылады. Ақпарат орталығы

Толығырақ
Ректордың Білім күнімен құттықтауы!
Ректордың Білім күнімен құттықтауы!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы және студенттер!

Сіздерді Білім күнімен құттықтаймын! Түркі халықтарына ортақ оқу орны - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 30 жылға жуық уақытта 75 000-ға жуық  түлек шығарды. Бүгінде әлемнің 19 мемлекетінен 40 астам ұлт өкілдерінің балалары білім алып жүрген оқу ордамыз елімізге медицина, экономика, құқықтану, педагогика, филология, жаратылыстану ғылымдары сынды тағы басқада көптеген сала бойынша мамандар даярлап, өз үлесімізді қосып келеміз. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия республикасының Президенті Сүлеймен Демирел мырзалардың іргетасын қалап, сенім артқан оқу ордасы бүгінде Орта Азиялық кеңістікте өзіндік орны бар, бірегей білім ордасына айналды. 2020 жыл, қаңтар айының 15 жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Университетіміз Ерекше мәртебеге ие болды. Жаңа оқу жылында оқу ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамымен бірлесіп атқаратын жұмыстарымыздың жаңа жоспарлары мен бастамаларымызды іске асыруда барлық күш-жігерімізді саламыз деген сенімдемін. Биылғы оқу жылында оқу орнымызға барлық білім беру деңгейі  бойынша   2000-нан аса  талапкер 1 курс студенті атанса, оның 50%-дан астамы оқу грантының иегерлері. Құрметті әріптестер, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер! Жаңа оқу жылында жетер жетістігіміз, алар асуымыз, шығар шыңымыз, бағындырар белесіміз көп болсын! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

 Болатбек АБДРАСИЛОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің ректоры

Толығырақ
Конституция күні құтты болсын!
Конституция күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар, әріптестер, студенттер!

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесінің бірі - Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан жиырма бес жыл бұрын, тамыздың 30-ында мемлекетімізде тарихи шешім қабылданып, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Ата Заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу бәрі-бәрі Ата Заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаруа. Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғарғы беделі – бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің, бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы бастамашылығымыздың нәтижесі. Сондай-ақ, Ата Заңымызда көрсетілгендей әрбір адамның құқықтарының ішіндегі ең жарқын, адамға қуат сыйлайтын бабы - білім алу құқығы. Осы жолда біз де мемлекетіміздің білім саясаты аясында түркі халықтарына ортақ оқу орын- Қожа Ахмет Ясауи университеті 30 жылға жуық уақытта 75 000-ға жуық түлек шығарып, елімізге медицина, экономика, құқықтану, педагогика, филология, жаратылыстану ғылымдары сынды бсқа да түрлі сала бойынша мамандар даярлап, өз үлесімізді қосып келеміз.

Осы мереке күні елімізге өсіп өркендеу және бейбіт өмірді тілеймін. Отбасыларыңызға аман-саулық, бақыт, түсінушілік, сенім және Отанымызға жарқын болашақ тілеймін!

Б.С.АБДРАСИЛОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің ректоры                     

Толығырақ
Ректор студенттермен онлайн-кездесу өткізді
Ректор студенттермен онлайн-кездесу өткізді

Бүгін, 28-тамыз күні сағат 17.00-де университетіміздің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов студенттермен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Конференция Facebook, Instagram , YouTube әлеуметтік желілерінде өтті. Кездесуде 2020-2021 жаңа оқу жылын ұйымдастыру мәселесі сөз болды. Ректор Инженерия, Стоматология, Медицина, Спорт және өнер факультетінің мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай 70 пайызы қашықтықтан, 30 пайызы дәстүрлі білім беру бағыты бойынша білім алатындығын айтты. Түрік квотасымен оқуға түскен білім алушылар Дайындық факультетінде қазан айынан бастап, қашықтықтан онлайн режимде оқитын болады. Университетіміздің ректоры Болатбек Абдрасилов студенттерге қыркүйек айынан бастап  3 жатақхананың құрылысы басталатындығын жеткізді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Ректор  сұрақтарға жауап беріп, әр факультеттің декандары студенттермен онлайн-кездесу өткізетіндігін және жаңа оқу жылындағы өзгерістер барысы мен қосымша туындаған сұрақтарына жауап беретіндігін хабарлады. Толығырақ https://tinyurl.com/yassawi-tv сілтемесінен таныса аласыздар Ақпарат орталығы

Толығырақ
Ата Заң –тәуелсіздігіміздің тұғыры
Ата Заң –тәуелсіздігіміздің тұғыры

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай «Ата Заң –тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты онлайн-конференция өтті. Жиында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, заң ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның Құрметті академигі Есберген Алауханов модераторлық етті. Онлайн-конференцияға университетіміздің I вице-президенті Женгиз Томар бастаған басшылық құрамы мен оқытушы-профессорлар , студенттер мен Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Түркістан қалалық сотының төрағасы Айгүл Жаңбырбаева, Тұран-Астана университетінің ғылым және ішкі байланыстар жөніндегі проректоры Әлімжан Бекмағанбетов, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай қатысты. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттінің вице-президенті Әміреқұл Абуов конференцияға қатысушыларды Ата Заңымыздың 25 жылдық мерекесімен құттықтап, Ата заңымызда көрсетілгендей әрбір адамның құқықтарының ішіндегі ең жарқын, адамға қуат сыйлайтын бабы - білім алу құқығы екендігін, мемлекетіміздің білім саясаты аясында түркі халықтарына ортақ оқу орын- Қожа Ахмет Ясауи университеті 30 жылға жуық уақытта 75 000-ға жуық түлек шығарып, елімізге медицина, экономика, құқықтану, педагогика, филология, жаратылыстану ғылымдары саласында мамандар даярлап жатқандығымызды атап өтті. Жиын барысында қатысушылар Ата Заңымыздың тарихы мен заңды құжаттың мазмұны, маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті мен болашақ заңгерлеріміздің құқықтық сауаттылығын үнемі дамыту қажеттігі, жастарымызға Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуді дәріптеп, насихаттау қажеттігі айтылды. Жиынды қорытындылаған модератор Есберген Алауханов еліміздің дамуының басты құжатына айналған Ата Заңымызды құрметтеу біздің парызымыз, әрі міндетіміз екендігін айтып, осы маңызды мерекені ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығына алғысын білдірді. Ақпарат орталығы

Толығырақ
«Түркілер төрі Түркістан»
«Түркілер төрі Түркістан»

Тамыздың 25 күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жазушы, журналист, оқу ордамыздың құрметті профессоры Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының жарық көруіне орай халықаралық онлайн конференция өтті. Ұйымдастырушылар – Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан Журналистер одағы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қоғамдық даму басқармасы. Қатысушылар: Халықаралық Алаш силығының лауреаты, жазушы мерейтой иесі Мархабат Байғұт, облыс әкімінің орынбасары Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек АБДРАСИЛОВ, І вице-президент Женгиз Томар, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай және университеттің оқытушы-профессорлары қатысты. Онлайн режимде: -Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті (Нұр-Сұлтан); Бауыржан Жақып, Қазақстан жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын (Алматы); Дамир ЖҮНІСОВ, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы (Түркістан); Айгүл ҚАПБАРОВА, ҚР Парламент сенатының депутаты, Мехманқул ИСЛАМҚУЛОВ, жазушы, аудармашы, «Алаш» сыйлығының иегері (Өзбекстан); Әкбар ҚОШАЛЫ - Әзербайжан Халықаралық Жас жазушылар одағының төрағасы, ақын (Әзірбайжан), басқа да ақын, жазушылар мен оқырмандар қатысты. Конференцияға Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан ЕЛШІБАЙ модераторлық етті. Онлайн конференцияны облыс әкімінің орынбасары Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ жазушыға Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады. Осыған дейін облыс әкімі Ө.Шөкеев құттықтау хатын жолдағанын айта келе Мархабат Байғұтқа шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар онлайн конференцияға қатысушылар жарыссөзге шығып, Мархабат Байғұтты 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, кітап туралы пікірлерін ортаға салды. – Бүгін көрнекті жазушы, журналист, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құрметті профессоры» Мархабат Байғұт ағамыздың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартқалы отыр. Жазушы бұл еңбегінде туған жері Түркістан өңірінің тарихын, табиғатын, даласы мен тауларын, сайын даланың ұлдары – даңқты тұлғалар, билеушілер, өзге де қайраткерлерін арқау етіп, эсселерге айналдырып баяндайды. Сонымен қатар Мархабат ағамыз қоғамдағы мәселелерді көтеріп, оны жан-жақты зерделей отырып қамтыған, тақырыбы ауқымды. Сіздің Түркістан өңірі туралы жазған осы еңбегіңізбен өлкеміздің тарихына үлкен үлес қосып отырсыз. – деді Болатбек Абдирасилов өз құттықтауында. Университетіміздің І вице-президент Женгиз Томар: «Түркістан туралы жазылған ғылыми еңбектер көп емес. Ахмет Ясауи бабамыз бен Түркістанды біз әлемге таныту мақсатында жазылған әрбір шығарманы шет тілдеріне аударып, насихаттауымыз керек. Сіздің «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабыңыз өте құнды дүние» деп кітап туралы ойын білдіріп, жазушыны мерейтойымен құттықтады. Конференция соңында Мархабат Байғұт қатысушыларға алғысын білдіре отырып, конференцияны қорытындылады. [gallery columns="1" size="full" ids="57553,57554,57555"] Ақпарат орталығы

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.