ornament

XI жазғы Универсиада: ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

XI жазғы Универсиада: ҚАЗАҚ КҮРЕСІ 13.05.2021

XI жазғы Универсиада: ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

Бүгін университетімізде қазақ күресінен тартысты бәсеке басталды. Жарысқа 18 жоғары оқу орнынан 155-тен астам спортшы қатысуда. Оның 95 ерлер болса, 60 қыздар.
Палуандар (ерлер, қыздар) 8 салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады.
Бүгін қыздар 4салмақ бойынша (48,56,65,77кг), ұлдар 3 салмақ дәрежесінде (55,66,82кг) белдесті.

"Бүгін қазақ күресінен сайыс басталды. Жақсы белдесу болып жатыр. Келген қатысушы палуандар өте жақсы күресті. Ұйымдастырушы Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті универсиаданы үлкен дайындықпен өткізіп жатыр. Санитарлық талаптар түгелдей сақталуда. Бұл спорт түрінен жарыс 15 мамырға дейін жалғаспақ. Келген командалар мен жетекшілер додаға қызу дайындықпен келген, - дейді Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы Ә.Н.Халилаев.
Универсиада барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізіліп жатыр.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.