ornament

Жапон елшілігі жеткізген марапат

Жапон елшілігі жеткізген марапат 12.05.2021

Жапон елшілігі жеткізген марапат

Бүгін оқу ордамызда Қазақстандағы Жапон елшілігінің Миссия басшысының орынбасары, кеңесші - ОКАВА Соичиро қонақта болды. Ректор Жанар Темірбекованың арнайы қабылдауында болған Окава мырза университетіміздің оқу-әдістемелік істері жөніндегі вице-президенті Эльмира Қайсарбайқызына Жапонияның Сыртқы істер министрі Мотеги Тошимицу мырзаның арнайы марапатын жеткізді.
Эльмира Қайсарбайқызы Нархоз университетінің жанындағы Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығын(KJC) 2014-2015 жылдары басқарып, 2015-2018 жылдары жетекші проректор ретінде тікелей орталықтың жұмысын ұйымдастырып, қадағалап отырған екен. KJC арқылы көптеген қазақстандық шағын және орта бизнес өкілдері Жапонияға барып бизнесті басқару әдістерімен, Кайдзен философиясымен танысуға мүмкіндік алған, мыңдаған қазақстандық жастар жапон тілін жетік меңгеріп оқуларын Жапон университеттерінде жалғастыру мүмкіндігіне иеленген. Министр мырзаның хатында: «Сіз біздің екіжақты қатынастарымыздың дамуына, Жапония мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтуға орасан зор үлес қостыңыз. Осы марапат арқылы Сізге шын жүректен ризашылығымды және құрметімді білдіремін»-деп жазылған.
Оқу орда басшысы Жанар Амангелдіқызы Жапон елшілігіне үлкен алғысын білдіріп, ендігі кезекте өзара серіктестікте ары қарай жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді. Өз кезегінде Эльмира Қайсарбайқызы да Жапон елшілігіне, Сыртқы істер министрлігіне зор ризашылығын білдірді.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.