Ғылыми комитет 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми комитеті университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатын жүзеге асыру және қалыптастыру саласындағы жоғары сараптамалық орган болып табылады.

Ғылыми комитеттің төрағасы ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі вице-президент, төрағаның орынбасары – Түркия тарапынан вице-президент болып табылады. Ғылыми комитеттің ұйымдастырушылық қызметтерін Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі жүзеге асырады.

Ғылыми комитеттің негізгі мақсаты ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық зерттеулер саласындағы саясатты іске асыру тетіктерін үйлестіру болып табылады.

Ғылыми комитеттің негізгі міндеті – білім мен қызметтің барлық деңгейінде инновациялық зерттеулерді қамтамасыз ету бойынша ғылыми сараптамалық кеңестер, конференциялар, семинарлар өткізу, шешімдер, ұсыныстар қабылдау.

Ғылыми комитеттің төрағасы – Беркімбаев Камалбек Мейрбекұлы.

Комитет хатшысы – Сейіткулова Жанар Амалбайқызы.


Положение Научного комитета

Состав Научного комитета

План работ Научного комитета



Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.