ornament

Университетке шолу

Миссия - түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастық жастарына бір шаңырақ астында сапалы білім беру және инновациялық оқыту мен ғылыми зерттеулерде көшбасшы болу.

Келешек келбет: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті - әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы ұлттық рейтинг бойынша жоғары оқу орындарының ішіндегі ең үздік университет.

 НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Рухани жаңғыру.  Адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы.

Достық, теңдік және төзімділік. Университет барлық іс-шараларын құрылтайшы мемлекеттердің арасындағы достық, теңдік және мәдени айырмашылықтарға құрмет көрсете және өзара төзімділік таныта отырып жүргізеді.

Айқындылық. Оқу орнындағы үдерістер университетпен қарым-қатынас орнатылған ұйымдар/мекемелер (жұмыстар) алдында ашық, айқын жүзеге асырылады.   

Парасаттылық. Оқу орнының барлық ғылыми-педагогикалық және әкімшілік қызметкерлерінің бойында құқықтық таным мен құқықтық мәдениеттің салтанат құруы.

Кәсібилік. Оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, студенттерді оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытушылық қабілеті.

Инновациялық.  Оқытушының рухани белсенділігі арқылы оқу, ғылыми-зерттеу үдерісінде жаңа жоспарлау, жобалау, білімді игерудің жаңа жолдарын қалыптастыру.


ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ

Оқу үрдісіндегі жаңа көзқарастар мен тәсілдер  - теориялық білімдерін тәжірибелік дағдыға айналдыру үшін оқытушы  мен студенттің арасындағы интерактивті өзара әрекеттесу болып табылады.

Жаңа білім беру бағдарламалары арқылы теориялық білімді практикалық дағдыға көшіру іске асырылады. Пәндердің мазмұны халықаралық тәжірибені ескереді және дәстүрлі кафедралық оқытудың орнына ситуациялық практикалық тапсырмаларды және басқарудың заманауи технологияларын қолдана отырып білім беру жүргізіледі. Білімгерлердің контингентін қалыптастырудың жаңа тәсілдері енгізілуде. Кәсіптік дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды күшейту және қабылдау емтихандарын өткізудің жаңа форматының енгізілуі білімгердің жеке қабілеттерін барынша ашуға мүмкіндік береді.

Біліктілікті арттыру курстары мамандықтың ерекшеліктері мен салалық қажеттіліктерін ескереді, сондай-ақ студенттерді кәсіби біліктіліктендіруге және олардың деңгейін көтеруге бағыттайды.

ПРАКТИКАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОЗЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқу үдерісімен бірге оқу орнының ғылыми-зерттеу компонентін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру іс-шаралары оқытушылар жүргізетін зерттеу жұмыстарымен қатар жүруі тиіс. Зерттеу жұмыстарының сапасы мен динамикасы айналадағы болып жатқан жаһандық экономикалық және саяси трендтерге байланысты жылдам өзгерістерге сәйкес болуы керек. Оқу үдерісі қолданбалы зерттеулермен бірге білім берудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің шарты болып табылады.

ТИІМДІ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

Әріптестік пен ынтымақтастықтың тиімді серіктестігі үшін университетіміз қолда бар тәжірибелер  мен үздік шетел тәжірибесін нығайтуға ұмтылады. Осыған орай, бүгінгі таңда халықаралық әріптестік құру жолдары белсенді түрде қаралып жатыр. Стратегиялық институционалдық әріптестікке көшу оқу орнының жалпы институционалдық әлеуетін  арттырады.

ТИІМДІ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН РЕСУРСТАРДЫ ДАМЫТУ

Университеттің заманауи инфрақұрылымы жаңа жобаларды дамытуға бағытталған лабораториялар мен аудиториялардың материалдық-техникалық жабдықталуын, ақпараттық-ресурстық орталықтарын, «open space» (ашық) кеңселерін қамтиды. Дәл осындай жабдықталған цифрлық платформа және Е-университет, SMART кампус, білім алушыларға, қызметкерлерге және оқытушыларға алға қойған тапсырмаларын барынша кәсіби жайлылықпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.